Конституцияда мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұр – журналист

168
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uFEFBDkCrVaaTf9rVF67jmzjUsXtwFbAlWx4klTt.jpg

Қаңтар айында 139 мың оқушы Ұлттық Бірыңғай тестілеуден өткен. Олардың 76%-ы сынақты қазақ тілінде тапсыруды таңдаған. Осындай деректерді тілге тиек еткен тележүргізуші Ерқанат Көпжасар Ата Заңның жаңа жобасындағы қазақ тіліне қатысты бапқа өзгерту енгізуді талап етіп жүргендерге үн қатты, деп хабарлайды «Адырна» BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Бұл құрғақ статистика емес. Бұл Ұлттық ренессанс, «көш жүре түзеледі» деген ұғымның жарқын көрінісі. 1997 жылы ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілгенде, он адамның біреуі де қазақша білмейтін еді. Қазір Алаш даласы ана тілінде еркін сөйлейді», - дейді ол.

Сондай-ақ тележүргізуші Конституцияның жаңа жобасындағы 9 баптың 1 тармағында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай жазылып тұрғанын айтады.

«Осыны тіліміз Конституциядан айырылып қалғандай шулату қажет дүние емес. Қазір әлемде барлық геосаяси ойындардың шарттары қайта жазылып жатқанын жақсы білесіздер. Бүгінгі келісу – ертең үлкен келіспеушілікке апарса, не болмақ», - дейді ол.

Сонымен қатар қоғамда өзі ана тілінде сөйлемейтін, балаларын өзге тілде оқытып жүргендердің көптігін тілге тиек етті.

«Осындай ана тілін білмейтін азаматтарға Ата Заңдағы бір ғана сөз кедергі болып тұр дегенге сену қиын. Ұрпағымызға өзі тұратын жер керек, өз тілінде сөйлейтін ел керек», - деді Көпжасар.

Комментарии