Алматылық жастар белсендісі, Алматы қаласы Қасыл Қатықбаева атындағы 168 мектеп-гимназия директоры Бауыржан Айткаримов:
“Ұсынылып отырған Конституция жобасы — Қазақстанның саяси-құқықтық дамуын жаңа сапалық деңгейге көтеретін іргелі құжат. Бұл Ата Заң адам мен оның құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітіп, «Әділетті Қазақстан» идеясын нақты құқықтық мазмұнмен толықтырады. Өлім жазасына толық тыйым салынуы, сөз еркіндігі мен жеке өмірдің, цифрлық деректердің конституциялық қорғалуы — оның прогрессивті сипатын айқын көрсетеді.
Президенттік басқару үлгісі сақтала отырып, бір реттік жеті жылдық мерзімнің енгізілуі биліктің жауапкершілігін арттырады. Құрылтай институты заң шығару ғана емес, атқарушы билікке саяси бақылау жасайтын ұлттық өкілді орган ретінде айқындалған. Ал Конституциялық Сотқа азаматтардың тікелей жүгіну құқығы — құқықтық мемлекеттің шынайы кепілі.
Бұл Конституция — формалды нормалар жиынтығы емес, адам қадірін, әділет пен заң үстемдігін басты құндылық ететін өркениеттік таңдау”-деп атап өтті.
Сенатор Бекназаров заявил, что конституционная реформа обеспечит расширение гарантий защиты прав граждан