Украинадағы соғыста қаза тапқан азаматтың сүйегі елге жеткізілді

137
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xqEyklFuXdVLjXVan4px2gyo8leNPNIFJ5CKA4pq.jpg

Украинадағы соғыс кезінде қаза тапқан 56 жастағы Қырғызстан азаматының мәйіті Ош қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Turmush-қа сілтеп.

Марқұмның туыстарының айтуынша, ер адам Ресейдің Ростов облысына жасалған дрон шабуылы кезінде ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмған.

Ақпаратқа сәйкес, ол Қырғызстанда дүниеге келген. 2000-жылдардың басында нәпақа табу мақсатында Ресейге қоныс аударып, 2007 жылы сол елдің азаматтығын алған. Туыстарының мәліметінше, 2014 жылдан бері Ресей қарулы күштерінде жалдамалы әскери қызметкер ретінде қызмет атқарып, командир болған. 

Бұған дейін Қырғызстанның ішкі істер органдарында жұмыс істеген.

Комментарии