Саяси шолушы Ғазиз Әбішев Қазақстанда Конституция күніне қатысты дата өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews-ке сілтеп.
Ол бұл туралы Telegram-арнасында жазды.
Саясаттанушының айтуынша, Конституциялық комиссияның кейбір мүшелері Негізгі заңға енгізілетін өзгерістердің ауқымын ескере отырып, жаңа Конституция қабылдау мәселесін қарастыруды ұсынған. Бұл жағдайда референдум өтетін күнге байланысты жаңа Конституция күні белгіленуі мүмкін.
Қазір Қазақстанда Конституция күні 30 тамызда атап өтіледі. Бұл күні 1995 жылы республикалық референдум арқылы қолданыстағы Конституция қабылданған.
Новости по теме
Новая волна масштабной информационной кампании в поддержку новой Конституции стартовала в Казахстане
Представители интеллигенции и гражданского общества Западно-Казахстанской области поддержали проект новой Конституции
