Димаштың жаңа халықаралық жобасы жарыққа шығады

314
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oKEASWrgq1RKvkrl5HHELyTDn2GnjtUuG9BFfO8f.webp

5 ақпанда белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық реалити-шоуы әлемдік эфирге шығады. Бұл туралы Dimashnews жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бағдарлама Қытайдың Hunan TV телеарнасы мен Mango TV платформасында, сондай-ақ Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі.

Hunan Broadcasting System медиахолдингімен серіктестікте жүзеге асырылған «Voice Beyond Horizon» шоуы — Қазақстан мен Қытай арасындағы шығармашылық ынтымақтастықтың жаңа белесі. Аталған жоба аясында алты мемлекеттен келген өнерпаздар бір шығармашылық кеңістікке тоғысады.

Сербия, Италия, Малайзия, Қырғызстан, Қытай және Қазақстан елдерінен қатысқан үздік вокалистер өздерінің музыкалық қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, көрермендерді еліміздің ең көрікті өңірлерімен таныстыратын рухани жолбасшы рөлін де атқарады.

22 күнге созылған түсірілім барысында халықаралық шығармашылық топ мыңдаған шақырым жол жүріп, Түркістан, Ақмола, Маңғыстау, Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларындағы түсірілімдер арқылы әлемдік аудиторияға Қазақстанның табиғи және мәдени келбетін танытатын тамаша саяхат дайындап қойған.

 

Комментарии