Ресей Сирияның солтүстік-шығысындағы Қамышлы қаласына жақын орналасқан әскери аэродромнан өз әскерін шығара бастаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Reuters-ке сілтеп.
Бұл ақпарат аймақтағы үкіметтік күштердің күрд жасақтарын ығыстыруынан кейін белгілі болды.
Ақпаратты Иранның БАҚ растады.
Алайда Ресейдің қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Reuters дереккөзіне сәйкес, Ресей өткен аптада Қамышлыдағы базадан әскер мен әскери техниканы әкетуді бастаған. Дереккөздердің айтуынша, ресейлік контингенттің бір бөлігі Латакия провинциясындағы «Хмеймим» әуебазасына жөнелтіледі. Ал кейбір әскери қызметкерлер Ресейге қайтарылады.
Ресейлік «Ведомости» және «Коммерсант» басылымдары РФ әскерінің Қамышлы аэродромында 2019 жылдан бері орналасқанын еске салады. Бұл нысан күрд және протүркиялық күштер арасындағы қақтығысты реттеу мақсатындағы бітімгершілік операцияны қолдау үшін пайдаланылған.
Бұған дейін «Коммерсант» газеті жаңа Сирия билігі Ресейден Қамышлыдағы әскери базаны босатуды сұрауы мүмкін екенін және бұл мәселе бойынша Мәскеумен келіссөз жүргізуді жоспарлап отырғанын жазған.
Ресей халықаралық істер кеңесінің сарапшысы Антон Мардасовтың айтуынша, Аш-Шараа билікке келгеннен кейін Қамышлыдағы нысан Ресей әскери күштері мен техникасын Сириядан Ресей мен Ливияға шығару үшін пайдаланылған.
В Актау с помощью Telegram-чат-канала «Акимат Мангистауской области» решается вопрос по вывозу мусорных свалок
Общественный фонд «Қазақстан халқына» построит 114 домов для пострадавших от паводков в Западно-Казахстанской области