Ақмоланың алтынын заңсыз өндіргендер ұсталды

200
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dgo0uDKW8LqKvZsYhImKo5ELMHjNLKTA9L8EKAt1.webp

Ақмола облысында полиция қызметкерлері алтын құрамды материалды өңдеумен айналысқан шағын жасырын цехтың заңсыз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды “Адырна” облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасырын цехтың иесі Ақсу кентінің 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол тиісті рұқсаттар мен лицензияларсыз алтын құрамды материалды өңдеу процесін өз бетінше жолға қойған.

Тергеу барысында арнайы жабдықтар мен заңсыз қызметті дәлелдейтін өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қосымша мән-жайлар мен алынған металды өткізуі мүмкін арналар анықталуда.

Комментарии