«Боратша киінген» шетелдік жанкүйерлер ұсталды

570
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ppazLlm3pR4SP9rkJCxdTMsIIryQ7zON1tTOhznZ.jpg

Астанада өткен «Қайрат» – «Брюгге» футбол матчында «Боратша киінген» шетелдік жанкүйерлер ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

3 шетел азаматы стадионда киімдерін шешіп, «Борат» фильмінде кеңінен танылған шомылу киімімен көпшілікке көрінген. Олардың әрекеті қазнет қолданушыларының ашуын туғызды.

Қалалық полиция департаменті бұл жағдайға түсініктеме берді. Айтуларынша, ер адамдар айналасындағыларға құрмет көрсетпейтін және қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер жасаған.

Полиция қызметкерлері үш шетелдік жанкүйерді ұстап, полиция бөліміне жеткізген.

«Қоғамдық орында мас күйде болу және кішігірім бұзақылық әрекет жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа қарау үшін жіберілді»,-делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматының «Қайраты» Чемпиондар Лигасының өз алаңындағы матчында Бельгияның «Брюгге» клубынан жеңілген еді.

Комментарии