Тоқаев Трамптың шақыруымен Давосқа барады

443
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JFO0zZ0nqOcwKLMssoZDhQnCVTjPzMuJ2a499q6J.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қаңтарда Давос қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президент Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатыспақ.

«Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады»,- делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дональд Трамптан Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақыру алғанын мәлімдеген еді.

АҚШ президенті бастамашы болған Бейбітшілік кеңесіне бірқатар елдің көшбасшылары шақырылған. Аргентина, Венгрия, Түркия, Пәкістан, Мысыр, Иордания, Қатар және Италия бұл ұсынысты қабылдағанын растаған болатын.

Комментарии