Президент президенттің ерте сайлауын өткізу тәртібін өзгертуді ұсынды

149
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pwLJEYwYelMEmPNCHQVtbpvoV52erUliEFj544we.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу тәртібін нақтылауды ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы ол Ұлттық құрылтайдың отырысында айтты.

Президенттің сөзінше, кәсіби заңгерлер Конституцияның жекелеген нормаларын нақтылау қажеттігін көтерген. Соның ішінде, мемлекет басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған жағдайда, кезектен тыс президент сайлауын өткізу мәселесіне ерекше назар аударылған.

Қолданыстағы Конституцияға сәйкес, президент өз міндетін атқара алмаған жағдайда, оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына өтеді. Алайда «қалған мерзім» алты ай да, алты жыл да болуы мүмкін. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияда президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған жағдайда, кезектен тыс сайлау екі ай ішінде өткізілуі тиіс деген нақты норма бекітуді ұсынды.

Мемлекет басшысы бұл бастама халықаралық озық тәжірибеге сай келетінін атап өтті. Оның айтуынша, ел басшысы билікке тек заңды жолмен, яғни сайлау арқылы келуі тиіс.

Комментарии