Билікке вице-президент лауазымы енгізіледі

255
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/P0J15Evog2JeIHK1TKboVyed46gmPvGivgt9ERJ7.jpg

2026 жылғы 20 қаңтарда Ұлттық Құрылтайдың V отырысында Қазақстанда жаңа лауазым — вице-президент қызметін құру жоспарланып жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, вице-президентті президент Парламенттің көпшілік даусымен келісімі бойынша тағайындайды. Жаңа лауазым иесі Қазақстанды халықаралық форумдарда және шетелдік делегациялармен келіссөздерде өкілдік етеді.

Сондай-ақ, президент мемлекеттік кеңесші лауазымын жою және кейбір әкімшілік құрылымдарды қысқарту ұсынысын жасады.

V отырыста жаңа мемлекеттік орган – Халық кеңесі құрылатыны жарияланды.

Комментарии