2026 жылғы 20 қаңтарда Ұлттық Құрылтайдың V отырысында Қазақстанда жаңа лауазым — вице-президент қызметін құру жоспарланып жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, вице-президентті президент Парламенттің көпшілік даусымен келісімі бойынша тағайындайды. Жаңа лауазым иесі Қазақстанды халықаралық форумдарда және шетелдік делегациялармен келіссөздерде өкілдік етеді.
Сондай-ақ, президент мемлекеттік кеңесші лауазымын жою және кейбір әкімшілік құрылымдарды қысқарту ұсынысын жасады.
V отырыста жаңа мемлекеттік орган – Халық кеңесі құрылатыны жарияланды.