Алматыда бірнеше рейс кешікті

124
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/syvephI6OFzZU4znXBdpoWUMqrYcafymMqsUN2fS.jpg

Алматы халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар әуе рейстері кейінге қалдырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

17 қаңтарда жоспарланған кейбір рейстер кешкі уақытқа ауыстырылған. Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

«Әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде, кідірістерді барынша азайту үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі – басты басымдығымыз», – делінген ресми хабарламада.

Әуежай жолаушыларды рейстер кестесіндегі ықтимал өзгерістерге түсіністікпен қарауға шақырды. Сондай-ақ жолаушыларға өз әуе компанияларынан ұшу уақыты туралы алдын ала нақтылап, alaport.com ресми сайтын қадағалап отыру ұсынылды.

Комментарии