Алатауда Бурдж-Халифа жобасын жасаған бюроның кешені бой көтермек

99
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tc4nfvSUaz2vToq1I7eBNETSvBX7Q31B4DwF8fc0.jpg

Бурдж-Халифаның жобасын әзірлеген сәулет бюросының эскизі бойынша екі мұнарадан тұратын кешен Алатау қаласында 2029 жылға дейін салынбақ. Бұл туралы Үкімет мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың мамыр айында басталады. Жобаны жүзеге асыруға Қытайдың China State Construction Engineering Corporation компаниясы қатысады. Ал кешеннің сәулеттік тұжырымдамасын америкалық Skidmore, Owings & Merrill бюросы әзірлейді.

Кешеннің жалпы аумағы 276,8 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрамына кеңсе ғимараттары, тұрғын апартаменттер, қонақүй және сауда орындары кіреді.

Алатау (Alatau City) — Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан қала. Билік жоспарына сәйкес, болашақта ол өңірдегі алғашқы толық цифрлық қалаға айналып, тауарлар мен қызметтер үшін криптовалюта арқылы төлем жасау мүмкіндігі қарастырылады.

 

Комментарии