«Жазаны жеңілдетуді өтінем...» Әкесін соққыға жыққан ер адам кінәсін мойындады

521
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jorqKOvI2rECY2GzyJtOcKnhOyfWtcZ80bMVUlUq.webp

14 қаңтарда Түркістан облысы Шардара ауданы Қоссейіт ауылында өз әкесін ұрып-соғып, азаптаған Алмас Садақбаевтың ісі Жетісай аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Прокурор айыпталушыны 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Оған Қылмыстық кодекстің «Қинау» және «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша айып тағылған. 

Сотталушы кінәсін толық мойындап, көпшіліктен кешірім сұрады.

«Шын жүрегіммен өкінемін. Барлығына жалғыз Алла куә. Баршаңыздан жасаған ісім үшін кешірім сұраймын. Жазаны жеңілдетуді өтінемін», – деді ол.

Алмас Садақбаев ісі Жетісай ауданаралық сотында қаралып жатыр. Үкім жақын күндері жарияланады деп күтілуде.

Еске салайық, қылмыс өткен жылдың тамыз айында Шардара ауданы Қоссейт ауылында болған еді. Зейнеткерді соққыға жыққан сәттің видеосы қарт кісі қайтыс болғаннан кейін әлеуметтік желілерде тараған.

Комментарии