АҚШ алдағы 24 сағат ішінде Иранға соққы жасауы мүмкін - Reuters

499
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4O5e0eEnDWOhaBDNteDOELTmND4JZbCZSo9SXjDN.jpg

АҚШ әкімшілігі  15 қаңтарға ауған түннен бастап алдағы 24 сағат ішінде Иранға әскери соққы беруі мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігіне жоғары лауазымды еуропалық шенеунік айтқан, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Агенттіктің басқа бір дереккөзі америкалық араласудың мүмкін екенін атап көрсеткен. Ал Израиль шенеунігі президент Дональд Трамп соққыларға қатысты шешім қабылдағанын, бірақ олардың нақты көлемі мен уақыттары әлі нақтыланатынын мәлімдеді.

Жақында Ақ үй басшысы Иран халқын наразылықтарды жалғастыруға шақырып, оларға «көмек жақын арада келеді» деп уәде берген еді.

Ирандағы ауқымды наразылықтар 28 желтоқсаннан бері жалғасып келеді. Бастапқыда Тегерандағы демонстранттардың талаптары экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты болса, кейін оған саяси талаптар қосылды.

Ең ірі наразылықтарТегеран қаласында өткен, ал ең қатаң қақтығыстар елдің батысы мен оңтүстік-батысында – Малекшах, Керманшах және Лордеган қалаларында тіркелген. АҚШ-та орналасқан HRANA адам құқықтары ұйымының мәліметі бойынша, дүйсенбі күні 10 мың 700-ден астам тұтқындау фактісі тіркелген, бірақ бұл сандар ресми түрде расталған жоқ.

Осыған байланысты Иранның оппозициялық Iran International веб-сайты нақты қаза тапқандар саны 12 мыңға жетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Одан алдын Reuters Иранның ресми өкілдеріне сілтеп, наразылықтан шамамен екі мың адам қаза тапқанын хабарлаған. Билік наразылыққа шыққандарды "террористер" деп атаған соң, басып-жаншу операциясы басталған. Елде 9 қаңтардан бері интернет толықтай өшірілді, телефон байланысы тоқтатылған. Мемлекеттік ақпарат құралдары ресми тұлғаларға сілтеп наразылық барысында қаза тапқандардың кінәсін "террористерге" аударып отыр. Наразылыққа шыққандарды Иран басшылары "террористер", "бұзақылар" және "экстремистер" деп атап отыр. 

Бүгін «Адырна» ұлттық порталы да өзінің кезекті видео-сұқбатында Ирандағы толқулардың шығу себебі мен салдарын талқылаған. Онда АҚШ-тың Иранға қатысты шарасы Ақ үйде қаралып, бүгін шешім қабылдануы мүмкін екендігі айтылған

Комментарии