АҚШ президенті "ұрланған" Венесуэла президентінің алғашқы суретін жариялады

516
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eAIYvuv3bpEbOp5OsE1KLgEb6fGfwcAUIzakDIGL.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social желісіндегі парақшасында Венесуэла лидері Николас Мадуроның ұрланудан кейінгі алғашқы суретін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Суретте Мадуро USS Iwo Jima әскери кемесінде отырған күйі бейнеленген. Ол сұр спорт костюмін киген, бетінде қара маска бар және қолында су бөтелкесін ұстап тұр.

Сонымен қатар, CBS телеарнасының журналисті Дженнифер Джейкобс хабарлағандай, Мадуро отырған әскери ұшақ сенбі күні Нью-Йорктің Стюарт халықаралық әуежайына қонады деп күтілуде.

"Венесуэла лидері АҚШ федералдық органдарына тапсырылады", - деп жазды журналист X әлеуметтік желісінде.

Бұл оқиға Венесуэла мен АҚШ арасындағы қақтығыстың жаңа кезеңіне өтіп, халықаралық қауымдастық назарын аудартып отыр.

Комментарии