Білім саласындағы өзгерістер. Жасанды интеллект ұстаздарға көмекші болады

397
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Mxz2DiDKi7b2nuCu7lwZHp2uJSXF4mpd2sB4ebpy.webp

2026 жылы Қазақстанда жасанды интеллект (ЖИ) білім саласында белсенді қолданылатын болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді. 

Ол министрлік ұлттық цифрлық профильдер жүйесін және Ұлттық білім беру платформасын құруға кіріскенін хабарлады. Бұл мақсатта Ұлттық білім беру деректер базасы жаңартылып, барлық электрондық күнделіктер мен журналдардың деректері QazTech мемлекеттік бұлттық платформасында біріктірілмек. ЖИ педагогтардың күнделікті жұмысын азайтуға септігін тигізеді. Мысалы, педагогикалық кеңестерге дайындыққа көмектеседі.

2026-2027 оқу жылынан бастап пилоттық аймақтардағы аз оқушысы бар мектептерде «Qazaq Digital Mektebi» жобасы іске қосылады. Жоба аясында ЖИ-репетиторлар қолданылып, 2026 жылы 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллект дағдыларын меңгермек. Сонымен қатар, оқушылар арасында ЖИ-саладағы сауаттылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Айта кетейік, 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланған болатын.

Комментарии