АҚШ Кариб теңізінде екі қайыққа соққы жасады. 5 адам қаза тапты

438
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sTailTHwOEMRttxItQLO4c5dpoXmTtO6ZnNmirHq.jpg

АҚШ әскери күштері тыйым салынған заттарды тасымалдады деген күдікке ілінген екі қайыққа соққы жасап, бес адамды өлтірді. Бұл туралы ел қарулы күштерінің оңтүстік қолбасшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Аталған операциялар барысында барлығы бес наркотеррористің көзі жойылды. Алғашқы кемеде үшеуі, екіншісінде екеу болған»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ кемелерді басқарумен террористік ұйымдардың мүшелері айналысқан деген болжам айтылды.

Айта кетейік, соңғы бірнеше айда АҚШ билігі есірткі тасымалдады деп күдікке ілінген катерлерді жою үшін қарулы күштерді бірнеше рет қолданған. Вашингтонның мәлімдеуінше, мұндай операциялар трансұлттық қылмыс пен есірткі саудасына қарсы күреске бағытталған.

Бұл оқиғалардың салдарынан Венесуэла мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас айтарлықтай шиеленісе түскен. Ақ үй Орталық барлау басқармасына Николас Мадуро үкіметін тұрақсыздандыру мақсатында республика аумағында құпия операциялар жүргізуге рұқсат берген. Ал бас прокурор Пэм Бонди оны тұтқындауға көмектесетін ақпарат үшін 50 миллион доллар сыйақы тағайындалғанын жариялады. Мәлімдемелерге сәйкес, Венесуэла басшысы террористік ұйымдарды АҚШ-қа есірткі жеткізу үшін пайдаланады деген айып тағылып отыр.

 

Комментарии