Премьер-министр корпоративтік жиынға қатысып, би биледі

63
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YibGW6pEkaWgi2nNlPkphaikQPWXOPRaV53YkUev.jpg

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян кезекті рет көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл жолы ол биліктегі «Азаматтық келісім» партиясының іс-шарасында ерекше қылығымен көзге түсті. Саяси жиын бірте-бірте жаңа жылдық корпоративтік кешке ұласқан.

Қатаң саяси образдан алыстап кеткен саясаткер бұл жолы әлеуметтік желіде өзі барабан аспабында ойнап отырған бейнежазбаны жариялады. Айта кетейік, Пашинян өзі жазған «Нағыз Армения — Армения Республикасы» атты өлеңіне арналған композицияны орындаған.

Кейінірек Арменияның экономика министрі Геворг Папоян журналистерге берген сұхбатында барабан аспабы премьер-министрге сыйға тартылғанын және Пашинянның бірнеше ай бойы ойнауды үйренгенін айтты.

Бұдан соң премьер-министр тағы бір бейнежазба жариялап, бұл жолы әріптестерімен бірге би билеп, ән айтты. Видеода ол партияластарымен әннің қайырмасын орындаған. Ән мәтінінде: «Қайда барсаң да, мен сенімен барамын. Қашан шақырсаң — соңынан еріп жүремін» деген жолдар айтылады.

Желі қолданушылары бұл видеоларды әртүрлі қабылдап, бірі қолдаса, енді бірі саясаткердің мұндай еркін әрекетін сынға алды.

Комментарии