135 жылдығы кезінде. Шоқай сайты туралы жарияланды

83
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Rbgue4v1t4vI7MuWnXS2igUoPKaf5N6SQG6Idbvi.jpg

Бүгін Мұстафа Шоқайдың туған күніне орай Shokay.kz сайты туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Адыран" ұлттық порталы.

Бұл туралы Аршат Ораз желідегі парақшасында жазды.

Биыл белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жыл толды. Осыған орай, бірнеше ай бұрын іске қосылған Shokay.kz тарихи-ағартушылық сайты туралы ақпарат жарияланды.

Shokay.kz – Мұстафа Шоқайдың өмірі мен мұрасын танытуға арналған көптілді онлайн платформа. Сайтта оның өмірбаяны, еңбектері, мақалалары, фото және видео материалдары жинақталған. Платформа бес тілде қолжетімді. Яғни, қазақ, орыс, ағылшын, түрік және француз тілдерінде ақпарат тарайды.

Жоба ашылған алғашқы айларда тұрақты аудитория жинап, халықаралық қызығушылыққа ие болды. Статистикаға сәйкес, сайтқа ең көп кірушілер АҚШ, Ұлыбритания, Австралия елдерінен келген. Бұл Мұстафа Шоқай туралы ағылшын тіліндегі сапалы ақпаратқа халықаралық сұраныстың бар екенін көрсетеді. Қолданушылар сайтқа негізінен Google, Yandex және ChatGPT арқылы кіреді, бұл жобаның іздеу жүйелері мен жасанды интеллект платформаларында жақсы индекстелгенін көрсетеді.

Алдағы уақытта сайтқа контентті кеңейту, PDF кітаптар орналастыру, әлеуметтік желілермен интеграция және халықаралық аудиториямен жұмыс жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар, сайтқа демеуші болғысы келетін немесе жобаны толықтай сатып алуға қызығушылық танытатын азаматтар мен ұйымдар ізделіп отыр. 

Комментарии