Түркияда Ливия Қарулы күштері Бас штабының бастығы Мұхаммед Әли әл-Хаддад мінген ұшақтың сынықтары табылды. Бұл туралы AirportHaber жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Хаймана ауданы маңында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында радардан жоғалып кеткен ұшақтың бөлшектері анықталған.
Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая бұл ақпаратты растады. Айтуынша, Анкара әуежайынан жергілікті уақыт сағат 20:10-да ұшып, Триполиге бет алған Falcon 50 бизнес-джетімен байланыс сағат 20:52-де үзілген.
Ливия Ұлттық бірлік үкіметінің басшысы Абдель Хамид Дбейба әл-Хаддадтың және оны ертіп жүрген адамдардың қаза тапқанын мәлімдеді. Мемлекеттік министр Валид әл-Ляфидің айтуынша, апаттың ықтимал себебі техникалық ақау болуы мүмкін. Ұшақ бортында барлығы бес жолаушы болған.
Ұшақ қалдықтары табылған жерде Түркия Қарулы күштерінің бөлімшелері, жандармерия, төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасы, Көлік және инфрақұрылым министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Анкараның Бас прокуратурасы тергеуді бастады.
Сондай-ақ елде үш күн аза тұту күні болып жариялады.
Поддержка занятости населения в Акмолинской области: программы трудоустройства и профессионального обучения