Шойын жолдағы апат. Рельс жөндеген 4 теміржолшы қаза тапты

626
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rRvztghSZzZBgHGiWYCBq5OPERytaIUigULgop3F.png

Қарағанды облысында рельс ауыстырып жатқан төрт жұмысшыны жүк пойызы басып кетті. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға бүгін, 10 желтоқсанда сағат 17:15-те Шешенқара – Қаражанғыл аралығындағы Мойынты – Шығанақ учаскесінде болған. ҚТЖ мәліметінше, бағыт бойымен келе жатқан жүк пойызы машинисі жолдағы теміржолшыларды байқап, шұғыл тежеу қолданған. Ол сәтте Сарышаған станциясының жол жөндеу бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатқан.

«Барлық қажетті шараларға қарамастан, жазатайым оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Төрт жұмысшы жарақаттан көз жұмды. Орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және Магистральдық желі дирекциясы басшыларының құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері бастаған арнайы комиссия құрылды. Комиссия тексеріс жүргізу үшін оқиға орнына жедел аттанды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.  Қаза тапқандардың отбасыларына қолдау көрсетіледі»,- делінген хабарламада.

 

 

 

 

Комментарии