Еуропа Украинадағы қақтығысты реттеу процесін әдейі тежеп, Киевті әскери әрекеттерді жалғастыруға итермелеп отыр. Бұл туралы Федерация кеңесінде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Интерфаксқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, соңғы күндері болған оқиғалар Батыстың өз ішінде бірлік жоқ екенін тағы да дәлелдеді.
«Жалпы алғанда тенденция өзгерген жоқ. Батыс біртұтас емес. Бұл соңғы күндердегі оқиғалармен тағы да айқындалды. Президент Трамп өзінің бір сұхбатында Еуропаның Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі ықтимал келісімдерді әдейі тежеу әрекеттерін сынға алды. Бұл келісімдер соғыстың негізгі себептерін жойып, қақтығысты тоқтатуға мүмкіндік берер еді. Бірақ Еуропа бұл процесті әдейі тежеп, украин басшылығын соғысты соңғы украиналық қалғанша жалғастыруға итермелеуде», – деді Лавров.
Министрдің сөзінше, Еуропа «мүлдем болашағы жоқ позицияны» ұстанып отыр.
«АҚШ, соның ішінде президент Трамп, барған сайын сабырсыздық танытуда. Ол биыл қаңтарда Ақ үйге келген сәттен бастап Украинадағы соғыстың себептерін түсінуге тырысқан жалғыз батыс көшбасшысы болды. Бұл – Батыстың, соның ішінде бұрынғы президент Байден мен оның еуропалық серіктестерінің жылдар бойы Ресейге қарсы жүргізген саясатының салдары. Қазір бұл оқиғалар шегіне жетіп отыр», – деді Лавров.
Оның айтуынша, Трамп Ресей көрсеткен алғашқы себептердің шын мәнінде жойылуы қажет екенін түсінген.
«Бұл – Украинаның НАТО-ға қосылуына жол бермеу, сондай-ақ 2014 жылғы төңкерістен кейін билікке келген режим аяққа таптаған азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру мәселелері. Қазір бұл тақырыптар белсенді талқыланып жатыр», – деді ол.
Лавров сонымен бірге Трамптың адам құқықтарын қорғауға қатысты ұстанымын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, АҚШ-тың арнайы өкілі Стивен Уиткофф жеткізген ұсыныстарда Украина аумағында қалған халықтың ұлттық азшылық құқықтары мен діни бостандықтарын халықаралық нормаларға сай қамтамасыз ету қажеттігі көрсетілген.
Неужели необходимо чтобы сначала что-то взорвалась и погибли люди, чтобы на это стали обращать внимание