Журналистер құқығын қорғайтын комитет ҚазТАГ ақпараттық агенттігі басшылығына қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ұйымның мәлімдеуінше, ҚазТАГ директоры Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасенов «жалған ақпарат тарату» бабы бойынша айыпталып, сотқа шақырту алмақ.
Бұл – дәл осындай айыппен танымал журналист Гүлнар Бажкенова қамауға алынғаннан кейін бір апта өткен соң болып отыр.
«Біз Қазақстан билігін жалған ақпарат пен жала жабу баптарын қылмыстық кодекстен алып тастауға және мұндай дауларды тек азаматтық сот тәртібімен қарауға шақырамыз», – делінген комитет хабарламасында.
Комитет – 1981 жылы құрылған, Нью-Йоркте орналасқан халықаралық тәуелсіз ұйым.
Ол әлемнің 120-дан астам елінде журналистердің құқығы бұзылған жағдайларды бақылайды, тергеулер жүргізеді, «Attacks on the Press» және басқа да есептер жариялайды.
Еске салайық, ҚазТАГ басшылығына қатысты іс Freedom Finance компаниясындағы алаяқтықтан зардап шеккен адвокат пен азаматтардың көрсетулері негізінде қозғалған.
«Повышение квалификации руководителей дошкольных организаций: опыт организации раннего развития детей»