Қазақстан мен Қырғызстан басшылары телефон арқылы сөйлесті

136
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1x9Tgh7OvOLfVeFadmGT9rk6GfBWDBddrGdTdOYU.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі келісімдердің, оның ішінде Тоқаевтың 21–22 тамыз күндері Қырғызстанға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, қырғыз халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі. Президент екі ел арасындағы достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықты нығайтуға Жапаровтың қосқан үлесін жоғары бағалады

Комментарии