Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, атап айтқанда, ведомствоаралық ықпалдастықты күшейту, қызметтер сапасын арттыру, адам капиталын дамыту және саланы цифрландыру шаралары жөнінде баяндалды.
Президентке мәдениет пен ақпарат, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, сондай-ақ отбасы, жастар саясаты салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы аталған бағыттарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Новости по теме
Представители интеллигенции и гражданского общества Западно-Казахстанской области поддержали проект новой Конституции
В Казахстане закроют 700 программ и запустят новые: Аида Балаева сделала видеообращение о трансформации образования
Аида Балаева: на конституционном уровне закреплены нормы о сохранении историко-культурного наследия и поддержке национальной культуры
