Жеті күннен соң... Жол апатынан тағы жеті адам қаза тапты

444
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

Алматы – Бішкек тас жолында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Салдарынан жеті адам көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі жолда келе жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соғылған.

Тыйым салынған жағдайда маневр жасау немесе жылдамдықты дұрыс таңдамау ықтимал себеп ретінде қарастырылып жатыр.

«Апат кезінде жеңіл көлікте болған жеті адам, соның ішінде жүргізуші де, алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, бір апта бұрын аталған тас жолда жол апаты болып, 6 адам жан тапсырған.

Комментарии