Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Венада өтетін ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатыспайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл ақпаратты «Интерфакс» агенттігі хабарлаған.
Ақпаратты елдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова растады.
«Жоқ. Ресей тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко қатысады», – деді Захарова бейсенбі күнгі брифингте.
ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің жиыны 4–5 желтоқсан күндері Австрия астанасы Венада өтпек.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде Лавровтың Путин сенімін "ақтамағаны" туралы ақпарат тараған еді.
Новости по теме