Қазақстанда медицина саласындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді – Сұлтанғазиев

208
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4rAG4qmcPG3OGdN8BHBEirBcA4YkG31bpDt4j8NI.jpg

Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Тимур Сұлтанғазиевке медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігіне және олардың қызметіне қоғамда туындайтын сенімсіздік фактілерінің алдын алу шаралары жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Тимур Сұлтанғазиев қазіргі уақытта саладағы жауапкершілікті күшейту, медицина қызметкерлерінің этика және деонтология қағидаларын сақтауын бақылау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау кодексінде барлық медицина қызметкерлері үшін этика мен деонтология принциптерін сақтау міндеттелген. Бұл принциптер ашықтықты, объективтілікті және пациентке қажетті көмекті уақытылы көрсетуді көздейді.

Сұлтанғазиевтің сөзінше, соңғы жылдары медицина саласында туындаған түрлі оқиғалардың алдын алу мақсатында министрлік Ішкі істер министрлігімен бірлескен жоспар әзірлеген. «Біз қабылдау бөлмелерінде қауіпсіздік шараларын күшейту үшін 150-ге жуық полиция бекетін аштық. Сонымен қатар стационарларда қажетті бейнебақылау камералары орнатылып жатыр», — деді ол.

Бұдан бөлек, ел бойынша 600 медициналық ұйымға «дабыл тетіктері» енгізілгені белгілі болды. 

«Алматы мен Астана қалаларында жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне видеожетондар орнаттық. Нәтижесінде түрлі олқылықтар саны 90%-ға төмендеді. Енді бұл тәжірибені бүкіл Қазақстан бойынша енгізу үшін “Қазақтелекоммен” бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз», — деп толықтырды министрлік өкілі.

Комментарии