Бұрынғы премьер-министр өлім жазасына кесілді

789
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WjN28rPPJUAgCFVk1dOWp9S3NvbUIsN0KxwbE4Py.jpg

Бангладештің бұрынғы премьер-министрі Шейх Хасина өлім жазасына кесілді. Тергеу мәліметінше, ол «Авами Лигасы» үкіметінің құлауына әкелген студенттік көтерілісті күштеп басуға бұйрық берген, деп хабарлайды "Адырна".

Сот бірнеше айға созылған тыңдаулардың нәтижесінде елдің бұрынғы премьер-министрін 3 бап бойынша айыпты деп тапты.

Үш судьядан құралған трибуналдың төрағасы Мохд Голам Мортуза Маджумдер Хасинаның екі серіктесі – бұрынғы ішкі істер министрі Асадуззаман Хан Камал мен бұрынғы полиция басшысы Чоудхури Абдулла Әл-Мамунға қатысты да шешім шығарды. Сот олардың үшеуі ел бойынша наразылық білдірушілерге қарсы қылмыстық әрекеттерді ұйымдастыру үшін алдын ала келісім жасағанын мәлімдеді. Дегенмен, бұрынғы полиция басшысы ақталып шықты.

Үкім жарияланар алдында ел аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілгені хабарланды.

Еске сала кетейік, Шейх Хасина 2024 жылдың 5 тамызында отставкаға кетіп, Бангладештен қашып кеткен.

Бангладештегі жаппай наразылық акциялары 2024 жылғы шілдеде басталып, көп ұзамай күш құрылымдарымен қанды қақтығыстарға ұласты. Бұл оқиғалар барысында жүздеген адам, соның ішінде балалар қаза тапты.

Наразылықтарды аяусыз басып-жаншу сәттері түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде кең таралып, ел тұрғындарының ашу-ызасын туғызды.

Бангладештегі демонстрацияларды студенттер ұйымдастырды: олар 1971 жылы Пәкістаннан тәуелсіздік үшін соғысқан ардагерлердің туыстарына мемлекеттік сектордағы жұмыс орындарының үштен бірі резервтелетін жүйені өзгерту талап етті.

2018 жылы Шейх Хасина үкіметі бұл квоталарды жойған еді, алайда 2024 жылдың маусымында төменгі сот оларды қайта қалпына келтірді. Студенттер қолданыстағы тәртіпті кемсітушілік деп атап, жұмысқа қабылдау әрбір үміткердің кәсіби біліктілігіне қарай жүргізілуі керек екенін талап етті.

Полициямен қақтығыстар аясында Бангладеш билігі ел бойынша қауіптің жоғары деңгейін енгізді. Интернет елдің почти барлық өңірлерінде өшірілді, кей аймақтарда телефон желілері де жұмыс істемеді. Астанада коменданттық сағат енгізілді. Билік наразыларды мемлекеттік BTV телекомпаниясының ғимаратын өртегені үшін айыптады. Полиция демонстранттарға қатысты көз жас ағызатын газ бен резеңке оқ қолданды.

Комментарии