Жеті томдық академиялық тарихтың төртінші томы Ақордада қайта қаралды. Неге?

817
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pZVrmNjzQhbBfGCxCkZ8SfZh2k2OxqNTsIBORPQp.webp

Қазақ хандығы кезеңіне арналған «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық тарихтың төртінші томы қайта қаралды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жеті томдық академиялық басылымның төртінші томының қолжазбасы қайта қаралғаны туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин хабарлады.

Оның айтуынша, бұған дейін редакция алқасы ежелгі дәуірге, түрік кезеңіне және Алтын Орда тарихына арналған алғашқы үш томды қарап, бекіткен. Кезекті отырыста төртінші томның жаңартылған тұжырымдамасы, құрылымы мен мазмұны талқыланды.

Томның жаңартылған нұсқасын басылымның үйлестірушісі, тарих ғылымдарының докторы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, академик Зиябек Қабылдинов таныстырды.

Отырыста Парламент депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл, тарих ғылымдарының кандидаты Күлгазира Балтабаева және «Қазақ тарихи қоғамының» басқарма төрағасы Радик Темірғалиев рецензияларын ұсынды.

Сонымен қатар редакция алқасының мүшелері – Ханкелді Әбжанов, Айдос Сарым, Айгүл Сәдуақасова, Мұрат Әбдіров, Галина Ксенжик, Берекет Кәрібаев, Мәмбет Қойгелдиев, Жақсылық Сәбитов, Оразақ Смағұлов, Айболат Күшкімбаев, Сәбит Шілдебай, Ақан Оңғарұлы және Берік Әбдіғалиұлы өз пікірлерін ортаға салды.

Рецензенттер төртінші том бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың ілгерілегенін атап өтті. Редакция алқасы қолжазбаны одан әрі пысықтап, желтоқсан айында өтетін келесі отырыста қайта қарау жөнінде шешім қабылдады.

Комментарии