Ұлт руханиятының тағы бір жарық жұлдызы Күләш Ахметова қайтыс болды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ақынның отбасы мен туған-туыстарына, барша қазаққа қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы министр желідегі парақшасында жазды.
Министр атап өткендей, Күләш Ділдәқызы ұлттық поэзияға өзгеше леп әкелген қаламгер еді. Оның өлеңдері шуақты, қаламы қуатты, әдебиетіміздің шоқтығы биік шығармалары болып, оқырман жүрегіне жетіп, терең сезімге жетелейтін туындылар қалдырды.
Ақынның әр жылдары «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ – жаздың жүрегі»,"Құт", "Бақ" атты өлеңдер жинағы жарық көріп, оқырман тарапынан лайықты бағасын алды. Оның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
В АЛЬ-ФАРАБИЙСКОМ РАЙОНЕ НА БЛАГО СТРАНЫ ПЕРЕДАНА СПОРТИВНАЯ ПЛОЩАДКА, ПОСТРОЕННАЯ ЗА СЧЕТ НЕРАВНОДУШНЫХ ГРАЖДАН