Алматы ма, Астана ма? "Қайраттың" лигадағы ойындары қайда өтеді?

809
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SCpQvRW3MlEuvQjN2yPTLHFnjIkuukvKu9k6sbMm.webp

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин командасының Лига чемпионаты матчтарын өткізу үшін Алматыдағы төмен температураларға төтеп беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Орталық стадионда өтуі тиіс ойынды «Астана Аренаға» ауысуы мүмкін екені туралы ақпарат таралды. 

Бас бапкердің айтуынша, бұл шешім ең алдымен жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін жасалуы мүмкін.

«Әрине, негізгі назар біздің жанкүйерлерде. Алматыда ауа райы минусқа түссе, барлығы келе бермейді. Футболшылар бұл жағдайға төтеп береді, бірақ жанкүйерлердің ыңғайлы болуы маңызды, сондықтан жағдай жасау керек», — деді Уразбахтин Vesti.kz-ке берген сұхбатында.

Алматылық "Қайрат" өз елінде екі бірдей шетелдік құрамамен ойнайды. Футболшылар 9 желтоқсанда «Олимпиакос» (Греция), ал 20 қаңтарда «Брюгге» (Бельгия) командасымен матч өткізеді.

Комментарии