«5-6 жастан тіркеледі». Депутат баланың желідегі белсенділігі туралы сауал жолдады

1213
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0Av5Vt11et3G1yUNnH8XcSbllnv3PrkO3veYOaOP.jpg

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне балалардың желідегі белсенділігі туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, балалардың көпшілігі әлеуметтік желіге ата-анасының рұқсатынсыз 5–6 жастан бастап тіркеліп алады.

"Қазақстанда бала TikTok немесе Instagram-ға  5–6 жастан бастап еш кедергісіз тіркеле алады. Ал көптеген елде бұл мәселе заңмен реттелген. Мысалы Дания мен Австралияда тіркелуге рұқсат жасы — 15–16 жас. АҚШ, Ұлыбритания және Ирландияда да жас бойынша шектеулер енгізілген. Әлеуметтік желіге тіркелу тек ата-анасының расталған келісімімен ғана жүзеге асады. Цифрлық даму министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі осы мәселе бойынша позицтясы бар ма?"–деді депутат.

Одан бөлек, Аймағамбетов мектептерде смартфон қолдануға қатысты мемлекеттік ұстанымның бар-жоғын сұрады.

"Англия, Нидерланд және әлемнің 40%-дан астам елдері мектептерде смартфон қолдануға ресми түрде тыйым салған. Қазақстанда да бірқатар алдыңғы қатарлы мектептер — NIS, БИЛ, «Дарын» сабақ кезінде смартфон қолдануға шектеу қойды. Нәтижесі өте жақсы. Оң әсері байқалды, балалар белсендірек, бір-бірімен жиі тілдеседі, сабақ кезінде алаңдаушылық азайды. Алайда елдегі көптеген мектептерде жағдай өзгеше. Мұғалімдер жанжалдан қорқады, ал оқушылар сабақ пен үзіліс кезінде TikTok-та сағаттап отырады. Цифрлық даму және Оқу-ағарту министрліктері бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін қандай ұсыныстары бар?",–деді ол.

Өз кезегінде Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун әзірге мұндай шектеу енгізу жоспарланбағанын, бірақ мәселе талқыланып жатқанын айтты.

Сондай-ақ ол балаларды технологияны қауіпсіз әрі пайдалы қолдануға үйретудің маңызды екенін атап өтті.

«Министрліктің ұстанымы — жаңа ұрпақты дұрыс оқыту. Техника, жасанды интеллект және интернетпен жұмыс істеуде артта қалу қаупі болмауы тиіс», — деді вице-министр.

Комментарии