3 жылда – 5 мәрте. ЕО-ның санкциялар жөніндегі арнайы елшісі келе жатыр

640
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EWqGSP3Y9lv9yieXa8SdxNonsc5ZRquHdCwlPXcp.jpg

Еуропалық одақтың санкциялар жөніндегі елшісі үш жыл ішінде бесінші рет Қазақстанға сапар жасайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

ЕО елшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Дэвид О’Салливан 18-19 қарашада Қазақстанға келіп, ресми тұлғалармен бірқатар кездесулер өткізеді.
О’Салливан Қазақстанға бұған дейін төрт рет келген. Ең алғашқы сапар 2023 жылғы қарашада, екінші рет келуі 2024 жылғы сәуірде, үшінші жұмыс сапары 2024 жылғы маусымда, төртінші рет 2025 жылғы қаңтарда өткен.
Елшілік атап өткендей, Еуропалық комиссия санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы елшінің лауазымын енгізген. Бұл лауазымның мақсаты — үшінші елдермен жоғары деңгейде үздіксіз талқылау жүргізіп, Ресейге қарсы енгізілген шектеулерді айналып өтуге жол бермеу.

Дэвид О’Салливан 2023 жылдың қаңтарынан бастап осы қызметті атқарып келеді. 

Комментарии