Павлодарда кинологтар мен құтқарушылар арнайы авариялық-құтқару жабдықтарын пайдаланып, құрылыс кезінде үйінді астына кеткен ер адамның орнын анықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Құтқарушылар марқұмның денесін үйінді астынан шығарып алды. Алдын ала мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 17:10-де болған.
Құрылыс алаңында әкімшілік ғимаратты жекеменшік мектепке қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқан. Үйінді астында 1967 жылы туған ер адам қалғаны анықталған.
Оқиға бойынша Павлодар полициясы Қылмыстық кодекстің «Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша іс қозғады.
Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Новости по теме