Талғар ауданының полициясы Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілхайырұлы мен оның орынбасарын уақытылы қар мен мұзды тазаламағаны үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды "Адырна".
Полицияның мәліметінше, әкімдік көше-жол желісін тазалау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық нысандарды күтіп ұстау бойынша талаптарды орындамаған.
«Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 631-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұлға тартылды. Сонымен қатар, “Тұрғын Үй” және “Алматы жолдары” мердігер ұйымдары қысқы маусымда жол күтіміне қатысты келісімшарттық міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды», – деп хабарлады аудандық полиция басқармасы.
Кодекс бойынша айыппұл мөлшері 10 айлық есептік көрсеткішті (39 320 теңге) құрайды.
Әкім сынға жауап берді
Оқиғадан кейін қала әкімі Арыстанбек Әбілхайырұлы әлеуметтік желіде сын айтқан тұрғындарға жауап беріп, оларды бірге шығып, көшелерді тазалауға шақырды.
«Егер өздеріңіз сондай белсенді болсаңыздар, ертең менімен бірге қала үшін жұмыс істейік», – деді ол өз жазбасында.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, пікірталас тудырды. Көпшілік әкімнің міндеті — коммуналдық қызметтердің жұмысын үйлестіру екенін атап өтті.
Как цифровые технологии помогают продвигать казахский язык – интервью с главой Фонда развития государственного языка