Bek Air апатына қаза тапқан ұшқыштар кінәлі деп танылды. Әйелдері наразы болды

1708
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UO9yvua4jjJqwOfwVuthQgpMJWSA8gN0XgNu2oSv.jpg

Бүгін, 5 қарашада Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты  «Bek Air» әуе компаниясына тиесілі «Fokker 100» әуе кемесінің апатқа ұшырауы туралы қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сот әуе кемесінің командирін және екінші ұшқышты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігінде көзделген, адам өліміне әкеп соққан әуе көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Айыпталушылардың қайтыс болуына байланысты жаза тағайындалмады.

Сот ұшу экипажы тарапынан әуе кемесін пайдалану ережелерін өрескел бұзушылықтарға жол берілгенін, бұл адам шығынына әкелген әуе апатына себеп болғанын анықтады.

Бұған дейін ұшқыштардың әйелдері тағылған айыпқа наразылық білдіріп, өздерінің жәбірленуші екендерін айтқан еді. Ұшқыш Марат Мұратбаевтың жұбайы күйеуінің барлық медициналық тексеруден және ұшу алдындағы комиссиядан сәтті өткенін, тәжірибелі әрі жауапты ұшқыш болғанын, экипаж бен жолаушылардың өмірі үшін соңына дейін күрескенін жеткізді.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыда Fokker 100 ұшағы апатқа ұшыраған еді. Ұшақ бортында барлығы 98 адам болған. Апат салдарынан 11 жолаушы мен әуе кемесінің командирі қаза тапты. Екінші ұшқыш медициналық мекемеден шыққаннан кейін көз жұмды.

Комментарии