Қаңтар оқиғасында Алматы әкімнің орынбасары болған шенеунікті өлтіріп кетті

1483
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jM6WIlbi7ebBBanGTnXew9cq0CQLWODLnelmc8Aq.jpg

Астанада бұрынғы шенеунік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экс-кеңесшісі Ержан Бабақұмаровты өлтіріп кетті. Бұл туралы ҚазТАГ жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұрыннан таныс адамдар арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды», — делінген хабарламада.

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін саясат тарихының оқытушысы мамандығы бойынша және осы университеттің аспирантурасын бітірген. 1990 жылдары еңбек жолын Алматы әкімі аппаратының құрамында бастаған. Кейін Президент әкімшілігіне ауысып, ішкі саясат бағытын қадағалаған. 2006 жылы мәдениет вице-министрі болып тағайындалып, кейін премьер-министр Кәрім Мәсімовтің кеңсесінде жұмыс істеген.

2019 жылы ол Президент  кеңесшісі – Президенті әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болды. Сол жылы Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Қаңтар оқиғасынан кейін сол кездегі Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірге қызметінен кеткен. Соңғы лауазымы — президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

Комментарии