"Маған пәтер сыйла" деген жазумен. Сауда орталығында іш киіммен жүрген ер адам қамалды

635
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PXOEIcfPhwEPnXVtidQgz0keUGmxmdoogW6DoEAz.webp

Астанадағы сауда орталықтарының бірінде ер адам жұрт алдында тек іш киіммен жүгірген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

Ол қолына «Маған пәтер сыйла!» деген жазуы бар плакатты ұстап, жұрттың назарын аударған.

Бұл оқиға 21 қазан күні болған.

Куәгерлер түсірген видеода ер адамның сауда орталығында айқайлап жүгіріп жүргені байқалады. Сот оның әрекетін «ұсақ бұзақылық» деп таныды.

Сот отырысында азамат кінәсін мойындап, мұндай қадамға жай ғана назар аударту үшін барғанын түсіндірген. Айтуынша, ол танымал блогер Мелстройдың байқауына қатысып, сол арқылы пәтер ұтып алуды үміт еткен.

Бұған дейін оның құқық бұзушылықтары тіркелмеген. Сот оның өкінуін ескеріп, 15 тәулік әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Комментарии