Трамп Путиннің «Буревестник» жайлы айтқанын «орынсыз» деп атады

1152
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nEZiYoJqcnmr6FhEYBjfqr4P2yOG7DX5WT2Nqd8b.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің «Буревестник» қанатты зымыранын сынау туралы мәлімдемесін «орынсыз» деп бағалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Трамптың айтуынша, Путин зымыран сынаумен емес, Украинадағы соғысты тоқтатумен айналысуы керек.

«Ол соғысты тоқтатуы тиіс. Бір аптаға ғана созылуы тиіс соғыс төртінші жылға ұласты. Осыны шешкені дұрыс», - деді Трамп.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей Қарулы күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимов Владимир Путинге ядролық қозғалтқышы бар «Буревестник» қанатты зымыранының сәтті сынақтан өткенін хабарлағанын жазған едік.

Путин бұл сынақты табысты деп атап, мұндай «бірегей қару әлемде ешкімде жоқ» екенін мәлімдеген.

21 қазанда өткен сынақ барысында зымыран шамамен 15 сағат бойы әуеде болып, 14 мың шақырым қашықтықты бағындырғаны айтылады. Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев сынақ нәтижелері туралы ақпараттың АҚШ әкімшілігінің жоғары басшылығына жеткізілгенін хабарлаған.

Комментарии