Бүгін, 26 қазан күні, Алматыда өткен Премьер-лиганың соңғы турындағы шешуші ойын «Қайрат» пен «Астана» арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Осы нәтижемен алматылық клуб Қазақстанның 2025 жылғы чемпионы атанды, деп хабарлайды «Адырна».
Матчтың алғашқы таймында «Астана» шабуылшысы Марин Томасов есепті ашып, елордалық командаға чемпиондық үміт сыйлады. Алайда екінші таймда «Қайрат» ойын тізгінін өз қолына алып, Дастан Сәтпаев соққан голдың арқасында есепті теңестірді. Кездесу соңына дейін нәтиже өзгермей, чемпиондық тағдыры осы есеппен шешілді.
26 тур қорытындысы бойынша «Қайрат» 59 ұпай жинап, маусымды бірінші орында аяқтады. «Астана» 57 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, үздік үштікті 54 ұпай еншілеген «Тобыл» түйіндеді.
Новости по теме