"Путинге Еуропада бір-ақ қалада орын бар. Ол - Гаага!"

1881
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PDlFv29pcZHR63r8JDgiDfjgyje0N78sHXa3cZLc.jpg

Ресейбасы Путиннің Мажарстанға баратыны жыр болды. Әлгінде Трамп шақырып, Путинді Еуропадағы Орбанның елінде күтетін болған. Бірақ, басқыншылығы үшін бүкіл әлемге жексұрын болған Кремль қожайынының Мажар еліне баруы үлкен мәселе боп тұр. Еуропа елдері Путиннің ұшағын өз әуе кеңістігіне кіргізбейтінін айтуда.

Әуелі, Литва сөйледі. «Біз Венгрияға ұшып баратын Путиннің ұшағын өз аспанымызбен ұшырмаймыз. Жолын тапсын да, айналып өтсін. Путинге Еуропада бір-ақ қалада орын бар. Ол - Гаага!», - деді Литва СІМ-і.

Бүгін Польша сөйледі. «Егер Путин Польша аспанымен ұшатын болса, біз оны тұтқындап ХҚС сотына тапсыруымыз мүмкін. Польшаның тәуелсіз соты күдікті ұшақты мәжбүрлеп қондырып, ішіндегілерді Гаага сотына тапсыру туралы шешім шығармасына біз кепілдік бермейміз», - деді Польша СІМ-і.

Ал Болгария Путин ұшағын өз әуе кеңістігіне кіргізуі мүмкін екенін айтты. «Егер бұл кездесу соғысты тоқтатуға, тараптарды бейбітшілікке жақындатуға ықпал етсе, онда Ресей президентінің ұшағын өз аспанымызға кіргізе аламыз», - деді. 

Бірақ, Болгария Венгриямен шектеспейді. Бірақ, қос ел Сербиямен шекараласады.

Қазір Путиннің Будапештке жетуіне екі жол жатыр:

Бірі – оккупациядағы Қырым арқылы (Қара теңіз) Болгарияға жету. Әрі қарай Сербия аспаны арқылы Венгрияға жету. 

Екіншісі – Қара теңізден Жерорта теңізіне өтіп, одан әрі не Қаратауға (Монтонегро) немесе Солтүстік Македонияға жетіп, әрі қарай Сербияға өтіп, Белград арқылы Будапештке жету.

Комментарии