Қазақстанда тіркелген қытайлық компаниялардың саны 2022 жылдан бері рекордтық көрсеткішпен өскен. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
«1 қыркүйек пен 1 қазан аралығында қытайлықтар иелік ететін 307 заңды тұлға/филиал тіркеліп, олардың жалпы саны 7,1 мыңға дейін жетті. Бұл кемінде 2022 жылдың қаңтарынан бергі, яғни кейінгі 3,5 жылдағы ең жоғарғы өсім. Бұл рекорд қытай бизнесінің Қазақстандағы үлесін қарқын кеңейтіп жатқанымен тікелей байланысты. Тамырын осы елден алатын компаниялардың саны осымен төртінші ай қатарынан өсіп отыр. Кейінгі 1,5 жылда (2025 жылдың қаңтар айынан басқа – 98 компания) айлардың бәрінде ай сайын 100 компания тіркеліп келеді», - деп жазады Бірінші кредиттік бюроның телеграм-арнасы.
Қыркүйек айында тіркелген қытайлық компаниялардың басым бөлігі сауда (+123), қайта өңдеу өнеркәсібі (+34), басқа қызметтер (+31) саласына маманданған.
Бұл көрсеткіш бойынша Қытайдан кейінгі орын Өзбекстанға тиесілі болып тұр – қатарға 167 компания қосылған.
Қытай айлық көрсеткіште бірінші орынға шыққанымен жалпы Қазақстандағы компанияларының саны бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейін тұрғанын айта кету керек. Бір айдың ішінде 22 ресейлік компания елден кеткенімен, олардың жалпы саны – 23,1 мың. Ал Өзбекстан бизнесіне тиесілі компаниялар саны – 7,4 мың.
Чиновники СКО против населения региона. Как в такой непростой ситуации народу сохранить рабочие места?