Конституциядағы өзгертулер шашылған өкілеттікті біріктіреді — депутат

1230
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aScLQfgQDDcyR208BZjJ00nebGmcHkKYQP0QwZdJ.jpg

Елімізде конституциялық реформалар кезеңі жалғасып, билік тармақтарының өкілеттіктері нақтылануда. Осы өзгерістердің маңыздылығы мен жаңа заң жобаларының мәні туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

 «Негізгі мәселе – Конституциядағы өзгертулер. Мысалы, бізде Конституциядағы өзгерістер бойынша көп сын айтылады, кейде Америкамен салыстырып жатады. Сол кезде мен әдетте динамикаға назар аударуды сұраймын. 2022 жылға дейінгі өзгертудің барлығы Президенттің өкілеттігін күшейтуге бағытталған болса, 2022 жылғы өзгертулерді барлығымыз білеміз деп ойлаймын, референдумда қабылданған шешім – Президенттің өкілеттігін азайтып, керісінше Парламенттің өкілеттігін ұлғайтуға бағытталды. Енді осы бағыттағы жұмыс әлі де жалғасын табады деп ойлаймыз. Күні кеше ғана мемлекет басшысы бұл туралы пікірін білдірді және Конституцияға өзгерістер енгізу туралы арнайы топ құрылды», – деді Абзал Құспан.

 Сонымен қатар депутат құқық бұзушылық профилактикасына арналған жаңа заң жобасының маңызына да тоқталды. 

«Бұл заңның ең басты ерекшелігі – бұрынғы әр кодексте және түрлі заңдарда шашылып жатқан өкілеттіктерді бір заңның аясында біріктіруінде. Яғни, әлеуметтік кодекстер, білім туралы заң, құқық қорғау органдарына қатысты заңдар – осылардың барлығы біріктіріліп, бір заң аясында қарастырылады. Бұл заңның ең басты ерекшелігі осында жатыр», – деді халық қалаулысы.

Комментарии