Әкім инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты

814
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TnEtiVeIoiRy8tH3EIBGOqC1AzK0euZojzvOC1Gb.jpg

Облыс әкімі Дастан Рыспеков Ұлытау ауданына қарасты Байқоңыр және Қоскөл ауылдарына жұмыс сапарымен барып, бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.

Сапар аясында өңір басшысы Қарсақбай–Байқоңыр бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың орташа жөндеу жұмыстарын бақылап, жол сапасының жоғары деңгейде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, аталған бағытпен жиі қатынайтын жүк көліктерінің жөндеу жұмыстарына кедергі келтірмеуін қадағалап, тиісті шараларды қабылдауды жүктеді.

Байқоңыр ауылында салынған фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысымен танысқан облыс әкімі, алдағы уақытта келетін медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қарастыру қажет екенін айтты. 

Бұдан бөлек, өңір басшысы ауылдағы жалпы білім беретін мектепке барды. Білім ошағын қадағалап, бюджет қаражатын үнемді әрі тиімді пайдалану, артық шығындарға жол бермеу қажеттігін тапсырды. Сонымен бірге балабақша жұмысымен танысып, нысанды ұқыпты ұстау және жөндеу жұмыстарын жүргізу міндеттелді.

Сапар барысында облыс әкімі Байқоңыр–Қоскөл бағытындағы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен аумаққа барып, қалпына келтіру жұмыстарының сапалы орындалуын және алдағы көктемгі кезеңге жан-жақты дайындық жүргізуді міндеттеді.

Сондай-ақ облыс басшысы ю ауыл тұрғындарымен және жергілікті қауымдастық мүшелерімен кездесіп, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Тұрғындар негізінен жол және электр қуатындағы ақауларға қатысты мәселелерді көтерді. Өңір басшысы көтерілген сұрақтардың барлығы бақылауға алынатынын жеткізді.

Сондай-ақ, Қоскөл ауылында салынған фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысымен және қызмет көрсетіп тұрған мектептің жағдайымен танысып, қалған жұмыстардың уақытылы әрі сапалы аяқталуын және білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Комментарии