Трамп үміткер болған сыйлық Венесуэла оппозициясының жетекшісіне берілмек

1261
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Zjefj8yXNGavSpaXA2nmLux4XRJVAsUzX6pFJHMn.webp

2025 жылғы Нобельдің бейбітшілік сыйлығын Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадо иеленді. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл сыйлықтан үмітті еді, деп хабарлайды “Адырна”.

Мачадо сыйлықты өз елінде демократиялық құқықтарды қорғау және диктатурадан демократияға бейбіт жолмен өтуді қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбегі үшін алды.

«Мария Корина Мачадо Венесуэла халқының демократиялық құқықтарын қорғауда табандылық танытып, әділ әрі бейбіт саяси өзгерістер үшін күрес жүргізді», — делінген Нобель комитетінің мәлімдемесінде. 

Бұл сыйлық Мачадоға желтоқсан айында табыс етілмек.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін өзін бұл марапатқа лайықпын деп санайтынын айтып, «Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыспен қоса, жеті соғысты тоқтаттым» деген еді.

Financial Times басылымының хабарлауынша, егер Нобель сыйлығын ала алмаса, АҚШ президенті Норвегияға қарсы кедендік тариф енгізуі мүмкін.

Комментарии