Ресейде тәжікстандық әйел қаза тапты

1291
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cNjYhH3UmqeqDkmxoT7B8LJeG1lXTlSY1mmAbk2E.jpg

Ресейде марқұм болған тәжікстандық әйелдің денесі еліне жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Вахдат қаласының 30 жастағы тұрғыны Джамила Нурзодтың мәйіті Мәскеуден елге жеткізіліп, туған жерінде жер қойнына берілді. Оның өліміне Ресей азаматы айыпталып отыр.

Радио Озоди хабарлауынша, ресейлік 49 жастағы Владимир Упадишев күдікке ілінген. Сот 6 қазанда оны алдын ала қамауға алу туралы шешім қабылдаған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, биыл 21 қыркүйекте күдікті Джамиланы пәтерін жинауға жалдаған. Алайда әйел пәтердің тым лас екенін көріп, жұмыстан бас тартқан. Осыдан кейін ер адам ашуға мініп, оған бірнеше рет бұрауышпен соққы жасаған.

БАҚ хабарлауынша, Джамила есінен танған соң, Упадишев қылмыс ізін жасыру үшін пәтерге от қойып, есікті жауып қашып кеткен. Көршілер түтінді байқап, өрт сөндірушілерді шақырған. Әйел ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақатынан көз жұмған.

Марқұмның таныстарының айтуынша, жанжал ер адамның жәбір көрсетуге әрекеттенуінен басталған. Қазіргі уақытта күдіктінің өзі немесе оның қорғаушылары түсініктеме бермеген.

Джамила Нурзод Мәскеуде еңбек мигранты ретінде жұмыс істеген, артында кішкентай ұлы қалды.

Комментарии