Қазақстан Ресеймен шекарада қалыптасқан қиын жағдай мен жаңа көші-қон ережелеріне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияға (ЕЭК) ресми түрде шағым түсірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп.
Бұл туралы 9 қазанда Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл жағдайды «сыртқы саудаға кедергі келтіретін барьер» деп танытуды көздеп отыр. ТМД жиыны аясында көтерілген мәселе 13 қазанда ЕЭК алаңында, ал 7 қарашада өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы 26-шы Үкіметаралық комиссияның отырысында талқыланады.
Ресей Федерациясының жаңа көші-қон заңнамасына сай, шетел азаматтары елде 90 күн ғана болады.
Бұрын бұл мерзім 180 күнге созылған.
Бұл шектеулер халықаралық жүк және жолаушы тасымалдаушыларға да қатысты. Бұған қоса, Ресей мен Беларусь Одақтас мемлекет болғандықтан, олардың аумақтарында болу уақыты бірдей есептеледі.
Қазақстанда мұндай шектеу жарты жыл ішінде 90 күн болып белгіленгенімен, ол халықаралық тасымалдаушыларға қолданылмайды. Үкімет бұл норманың халықаралық тәжірибеге сай екенін атап өтті.
Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлының айтуынша, жаңа ережелер тек халықаралық емес, ЕАЭО аумағындағы ішкі бағыттарда жұмыс істейтін жүргізушілерге де әсер еткен. Көпшілігінің Ресейде болу мерзімі таусылып, рейске қайта шығу үшін жаңа жылды күтуге мәжбүр. Ал лимиттен асып кеткендер ұсталып, елден шығу туралы ескерту алған.
Үкіметтің хабарлауынша, жағдайды одан әрі қиындатқан Ресей тарапы қыркүйектен бері жүргізіп келе жатқан «сұр импортқа» қарсы рейдтері болып отыр. Осыған байланысты кей өткізу пункттерінде жүк көліктерін тексеру уақыты ұзарған.
Қыркүйек айынан бері Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктерінің кезегі ұзын-сонар.
«Бұл шаралар сапасыз, тұтынушы өмірі мен денсаулығына қауіпті тауарлардың заңсыз айналымына тосқауыл қоюға бағытталған», – делінген Ресей хабарламасында.
В Ерейментауском районе вдовам ветеранов и труженикам тыла вручили юбилейные медали к 80-летию Победы